Қашаған мұнайын өндіру жұмысы алдағы бірнеше күннің ішінде басталады - Ұ.Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2013 17:58

Қашаған мұнайын өндіру жұмысы алдағы бірнеше күннің ішінде басталады. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Бас кезінде Қашаған мұнайын өндіру жұмысын бастау қыркүйектің 9-ында жоспарланған болатын. Сосын ол кейінге қалды. Әзірше, оның қай уақытта басталатыны белгісіз. Біз осы алдағы бірнеше күннің ішінде басталады деп күтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Ұ. Қарабалин.

Айта кетейік, Астанада өткен қазақ-қытай іскерлік кеңесі кезінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті С.Мыңбаев та Қашаған мұнайын өндіру жұмысының 9 қыркүйек күні басталатыны туралы мәлімдеген болатын. Оны сол жерде орналасқан «Болашақ» атты мұнай-газ зауытында өңдеу көзделіп отыр. Алайда кеше аталған өндірісте газдың жоғары қысымы тіркеліп, соның салдарынан апаттық дабыл соғылды. Содан зауыттың барлық жұмысшылары қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдай бойынша тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту