ҚР Президенті: Қазақстанға көмірсутек ресурстарын басқарудың тиімді жүйесі қажет

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2013 17:01
Қазақстанға көмірсутек ресурстарын басқарудың тиімді жүйесі қажет. Бұл туралы бүгін «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біздерге көмірсутек ресурстарымызды басқарудың тиімді жүйесі қажет. Шикізат қоры экономика өсімін қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ та мемлекет кірісінің басты көзі болудан тыйылуы тиіс. Бұл - Үкіметтің басты міндеті», - деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы мұнай өндірудің түрлі сценарийін қарастыру қажеттігін баса айтты.

«Консервативті сценарий барысында 2050 жылға дейін мұнай ресурстарын тұрақты өндіру және экспорттауды сақтап қалудың барлық мүмкіншілігі бар. Демек даму ұлттық қорына кірістердің тұрақты түсімін қамтамасыз етуге болады», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар ҚР Президенті орын алуы мүмкін агресивті сценарий барысында мұнай ресурстарын экспорттау мүмкіншілігімізді тез арада түгесуіміз де шындық екендігін баса айтты.

Н.Назарбаевтың атап өтуінше, жалпы Қазақстан халқына жылына 2 млн. баррель мұнай өндіру жеткілікті

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЭнергетикаҚазақстан ПрезидентіМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту