Қаржы полициясы Үкіметке мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын теңестіруді ұсынды

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2013 17:03
 Қаржы полициясынан Үкіметке мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын теңестіру ұсынысы тасталды.

Бұл туралы бүгiн Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелi экономикаға қарсы қоғамдық кеңесiнiң отырысында Экономикалық және қаржылық қылмыстар департаментiнiң басшысы Жанат Элиманов мәлiм еттi.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, соңғы 1,5 жылда мұнай және мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» айналымына қатысты 172 қылмыстық іс қозғалып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленген. Нәтижесінде, батыс аймақтардағы мұнайдың «көлеңкелі» айналымы біршама азайып отыр.

«Мәселен, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» 2009 жылы 285 мың тонна «күмәнді» мұнай өңдеген болса, 2012 жылы аталмыш жеткізілген шикізаттың көлемі 21 мың тоннаны құраған. Биыл тек 1,5 мың тонна болғаны анықталды. Осы бағыттағы белсенді жұмыстар қылмыскерлерге заңсыз мұнайды жеткізудің бағытын Қырғызстанға және Өзбекстанға өзгертуге мәжбүрледі», - дейді Ж.Элиманов.

«Сонымен қатар мұнайды өзге мұнай өнімдері ретінде шетел асыру мәселесі шешілген жоқ. Бұл операциялар экспорттық баж және ренталық салықтан жалтару үшін жасалады. Ресей Федерациясының тәжірибесін алға ала отырып, Үкіметке мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын теңестіру ұсынысы тасталды. Мұндай шара енгізілсе, қылмыскерлерге осындай жасырын схемаларды жасау қисынсыз болып қалады», - деп атап өтті ол.

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту