«Қазақстан - Қытай» мұнай құбырына қатысты үкіметаралық Келісіммен ратификацияланатын заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

размер шрифта: Aa | Aa
11.09.2013 14:05
Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығында өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырына қатысты үкіметаралық Келісіммен ратификацияланатын заң жобасы мақұлданды.

 Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Құжаттық келісім бойынша, мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифі мұнай құбыры жүйесіне кіру нүктесіне қарамастан, бірыңғай болып табылады және мұнай тасымалдау бағытының ұзақтығы есепке алынбай белгіленеді.

Сонымен бірге қазақстандық нарыққа мұнай беру тарифі экспорт тарифінен аспауға тиіс.

Ішкі нарығында ресурстардың жетіспеушілігіне әкелетін мән-жайлар туындаса, Қазақстан қажет болған жағдайда жыл сайынғы кестені тиісінше өзгертіп, Қытай тарапын хабардар ете отырып, мұнайды экспортқа тасымалдаудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы.

Жалпы отырыста сөз алған жұмыс тобының жетекшісі Виктор Рогалев мұнай құбырының арқасында, құбыр өтетін жол бойындағы электр тарату және байланыс, жол, қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың, сондай-ақ, барлық инфрақұрылым негізінде 8 қосымша сорғылық айдау стансаларының құрылысы қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

Мұнай құбыры өтетін Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бұрынғыдан да қарқынды дамуына серпін береді.

Сонымен бірге, қазақстандық мазмұнды кеңейту аясында қосымша 1000 жұмыс орны ашылады.

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстан және ҚытайМұнай-газПарламент
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту