Қазақстанның Оңтүстік өңірі таяу мерзімде көрші елдерге газ тәуелділігінен түбегейлі құтылады.

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2013 13:02

Бұған өткен сенбідегі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының Ақбұлақ кентіндегі «Бозой-Шымкент» бөлігінде газ толтырудың басталғаны дәлел. Еліміз үшін әлеуметтік маңызы зор жоба мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен іскерлік кездесуде телекөпір арқылы салтанатты түрде іске қосылған болатын.

Бұл көптен күткен -тарихи сәт. Айтулы шараның Ақбұлақта басталуы бекер емес. Ақбұлақта бірнеше магистральды газ құбырлары түйіседі»,- деп атап айтты «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали.

«Бозой Шымкент» бөлігін газбен толтыру бұл жобаның технологиялық процестерінің бірі. Енді құрылыс кестесіне сәйкес «Бозой» және «Ақбұлақ» газ өлшеу станциялары іске қосылады. Бұл – бұдан әрі Батыс өңіріндегі кен орындарының табиғи газымен Қазақстанның оңтүстігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырын салуды аяқтау еліміздің оңтүстігін көгілдір отынмен тұрақты түрде қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Магистральды газ құбыры Маңғыстау, Ақтөбе , Қызылорда және ОҚО аумағынан өтеді. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1477 шақырым. Жоба аясында «Бозой» және «Қараөзек» кенттерінде екі компрессорлық станция салу көзделген.

Бірінші кезеңде жаңа магистраль бойынша тасымалданатын газ ішкі тұтынуға арналмақ. Бұл – осы құбыр бойында орналасқан 500-ден астам елді-мекен тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді деген сөз. Екінші кезеңдегі жобалық қуаты жылына 10 млрд. куб газ құбыры нысандарының құрылысын толық аяқтау және оларды пайдалану 2015 жылы жоспарланып отыр. Сонымен қатар қосымша жұмыс көзі, деп атап өтті «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали: «Бірінші кезекте бүгін 1450 шақырым іске қосылып отырса, «Бейнеу-Бозой» бөлігі 300 шақырымдай. Сонымен бұл жоба тұтасымен бітті деуге болады. Ол енді келесі 2014 жылғы меже. Әзірше жоспарлап отырғанымыз 2,5 млрд куб. Енді компрессорлық станция салынған сайын 2016-шы жылға 10 млрд кубқа дейін барайын деп тұр. Әуелі өз еліміздің әлеуметтік жағдайын шешіп алсақ, Президент тапсырмасына сәйкес қалған газды қытай бауырларымызға экспортталады. Бұл жобаның басталуы ғана. Болашақта халық көгілдір отынға еркін қол жеикізіп қана қоймайды, «Казтрансгаз» компаниясы ұлттық оператор болғаннан кейін осы газ құбыры өтетін облыстарымызда, ал ол 600-дей ауыл, шағын қалалар, солардың барлығына енді газды үйге дейін жеткізу керек қой, оның өзі үлкен жұмыс. Сондықтан жұмыспен қамту ісі қарқын алады, деп ойлаймын. Жоқ дегенде 5 мың-6 мың адам адам жұмыспен қамтылуға тиіс».

Айта кетейік, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырын салу жобасының жалпы құны 3,6 млрд АҚШ доллары. Ұзындығы 1143 шақырым болатын «Бозой-Шымкент» газ құбыры бөлігінің желілік бөлігі жылына 2,5 млрд кубқа дейінгі көлемде газ тасымалдауға мүмкіндік береді. Бір ғана «Бозой» компрессорлық станциясы пайдалануға берілсе жылына қуаты 6 млрд куб газбен қамтуға мүмкіндік туады. Ең маңыздысы Оңтүстік өңіріндегі халық көгілдір отын үшін Өзбекстан мен тәжікстандық ағайынның алақанына қарап отырмайды бұдан былай. Тағы бір тиімді тұсын, енді, газ жүретін аумақта инфрақұрылым дамып, орта бизнеске кең мүмкіндіктер ашыла түседі.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту