Қазақстан табиғи ресурстарды тиімді басқару тұжырымдамасын қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
17.09.2013 12:44

 Қазақстан үкіметі табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түскен табысты пайдалану туралы тұжырымдама қабылдады.

Үкіметтің сейсенбідегі отырысында премьер-министр Серік Ахметов: «Бұл тұжырымдама, сондай-ақ, еліміздің отын-энергетика кешенін дамыту стратегиясын қабылдау табиғи ресурстарымызды өндіру және әлемдік рынокқа шығару қарқынын арттыруға, ішкі нарықты экологиялық талаптарға сай отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді.
Екіншіден, тұжырымдама «шетелдік инвесторларды тартуға қолайлы жағдай жасауға, бірақ, олардың шикізатты өндіру мен өңдеу барысында заманауи, экологиялық жағынан зиянсыз технологияларды пайдалануына» бағытталған, деді ол.
Премьер Қазақстанда мұндай мысалдардың жоқ еместігін де алға тартты.
«Қазір Қашағанда мұнай өндіру басталды. Жаңа «Болашақ» технологиясы бойынша салынған зауытты көрдіңіздер. Қазір біз болашақта Теңізшевройлды кеңейту жобасына қатысты сұрақтарды әзірлеп жатырмыз. Онда да ең соны үлгідегі технологиялар мен көмірсутегі шикізатын өндіру әдістері пайдаланылмақ», - деді С.Ахметов.
«Осы мәселелердің бәрі тек тұжырымдамаларда ғана емес, барлық нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттарда қамтылады», - деп қорытты ол.

Астана. 17-қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту