«ҚазТрансОйлдың» 2013 жылғы дивидендінің мөлшері 2012 жылғыдан кем болмайды деп күтілуде

размер шрифта: Aa | Aa
12.09.2013 13:12
«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) 2013 жылы бір акцияға төлейтін дивидендінің мөлшері 2012 жылдағыдан кем болмайды.

 Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

«Біз келесі жылы төлемдердің (дивидендттердің) жалпы көлемі 2012 жылдың нәтижесінен кем болмайды деп күтіп отырмыз», - деді компания Бас директорының орынбасары Болат Зәкіров сейсенбі, 10 қыркүйекте, Астанада өткен медиа-семинар барысында.

ҚТО 2012 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге компанияның таза пайдасының 86 %-ын бағыттағанын еске сала кетейiк. «Халықтық акционерлерге» бір акция үшiн 75 теңге мөлшерінде дивиденд, шамамен 2,88 млрд. теңге төленді.

«ҚазТрансОйлдың» ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза пайдасы шамамен 33,4 млрд теңге болды. Бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 152%-ға көп. Б.Зәкіровтің сөзінше, мұндай оң қарқынға мұнайда тасымалдауға арналған тарифтің өскені әрі жүк айналымының ұлғайғаны арқасында қол жеткізілген.

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Халықтық ІРОМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту