Қашаған теңіз кен орнында алғашқы мұнай баррельдері өндірілді

размер шрифта: Aa | Aa
12.09.2013 13:14
Бүгін Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қашаған кен орнын өңдеуге қатысатын «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) консорциумы алғашқы мұнай баррельдерін өндірді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Қашаған кен орнында алғашқы ұңғыма қайта іске қосылды және алғашқы мұнай көлемдері өндірілді», - деп ақпараттандырды баспасөз қызметінде.

Қашаған кен орны шамамен 35 млрд. баррельді құрайтын геологиялық қорлары бар Солтүстік Каспийдегі ірі мұнай кені болып табылады.

АТЫРАУ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту