Астанада газ бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
12.09.2013 13:18
Табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларының орындалуына жасалған талдау нәтижелері бойынша, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қалалық департаменті тұрғындарға топтық резервуарлық қондырғы (ТРҚ) арқылы газбен жабдықтау қызметінің тарифтерін төмендетті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, елорда тұрғындары 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Астана қалалық орталық газбен жабдықтау» ЖШС-нің газбен жабдықтау қызметіне ҚҚС-ті қоса алғанда келесі тарифтермен төлейді: есептеу құралдары болған жағдайда - 1 текше метр үшін 378,11 теңге, яғни бұрынғы тарифтен (378,46 теңге) 0,35 теңгеге төмен; есептеу құралдары болмаған жағдайда - айына 1 тұрғын үшін 809,29 теңге, алдыңғы тарифтен (810,04 теңге) 0,75 теңгеге төмен.

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат 

 
Ключевые слова: АстанаМұнай-газҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту