«Болашақ» зауытында газдың кемуіне байланысты оқиғаны тексеру жалғасуда - Атырау

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2013 13:21
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы 28 тамыз күні Атырау облысындағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында болған оқиға туралы түсініктеме берді.

«Ең жоғары деңгейде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті объектіні іске қосу үшін сынақ шараларын өткізу кезінде, «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында газ шығуы орын алды. «Аджип ККО» компаниясы 25 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 18:00-де ТМД учаскесінде қақпақтан газ аққандығын хабарлады. Осы оқиға апаттық жағдайда тоқтатуды талап етті. Зауыттың құрылымында үрлеудің көмегімен қысымды азайтты, қызметкерлер арнайы орынға жиналып, апаттық жағдайда тәртіпке сәйкес көшірілді.

Тиісті бақылау органдарына осы оқиға туралы хабар берілді. Сонымен бірге, апатты ауыздықтау шаралары жүргізілді. Оқиғаны тексеру тиісті тәртіпке сай жүргізіледі», деп хабарлады «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Ханс Венк.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйек күні Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнын игеру шарасына қатысушы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) консорциумы мұнайдың алғашқы баррелін шығарды.

АТЫРАУ. 12 қыркүйек. Қазақпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту