Fitch: Қашағанда мұнай өндірудің басталуы Қазақстан экономикасын қалпына келтіруге жәрдемдеседі

размер шрифта: Aa | Aa
16.09.2013 13:22
Қашаған кенішінде мұнай өндірудің басталуы Қазақстанның экономикалық өсімін қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Fitch Ratings халықаралық рейтингі агенттігі осындай болжам жасап отыр, деп хабарлады РБК.

«Өндірудің басталуы - агенттік күткен негіздердің бірі, ол Қазақстанда 2012 жылы аздап баяулаған экономикалық өсімге серпін береді. «ҚазМұнайГаз» компаниясының болжамына қарағанда, келесі жылдан бастап Қашаған кеніші EBITDA-ға және ақша ағынына елеулі үлес қосатын болады», - деп атап көрсеткен Fitch.

Агенттіктің атап өтуінше, Қазақстанның ресми тұлғалары коммерциялық өндірудің басталуына үш аптадан бір айға дейін уақыт кетеді, деп мәлімдеуде. Қашаған кенішін игеріп жатқан North Caspian Operating Company компаниясының жетекші мүшесі Eni өкілдері осы жылғы 11 қыркүйектен бастап пайдалануға берудің бастапқы кезеңінде өндіру көлемі тәулігіне 180 мың баррельге дейін ұлғаяды, деп хабарлады.

Қашаған кенішіндегі мұнай өндіру факторы Fitch агенттігінің Қазақстанның нақты ІЖӨ-нің 2013 жылғы 5,3 пайыздан 2014 жылы - 6,0 пайызға өсу болжамын алға тартты, өткен жылы бұл көрсеткіш 5,0 пайыз болған еді.

Қашаған кенішінің бағалауы қоры 35 млрд. баррель мұнайды құрайды, оның 11 млрд. баррелі алынатын мөлшер ретінде қарастырылуда. Тәулігіне 370 мың баррельге дейін мұнай эквиваленті мөлшерінде өндіру жоспарлары кенішті игерушілердің дайындығына немесе жобаның екінші кезеңімен байланысты болашақта елеулі қосымша шығындар жұмсауға байланысты болмакқ. Алғашқы кезеңде кенішті игеруге 46 млрд. доллар жұмсалды. Қазақстанның ресми тұлғаларының бағалауынша, екінші кезең аяқталғанда, елдегі жиынтық өндіру көлемі 2018 жылы тәулігіне 2,2 млн. баррельге жетуі мүмкін.

Fitch, сондай-ақ, жобадағы 16,8 пайыз үлесі бар «ҚазМұнайГаз» үшін өндірудің басталуы оң сәттердің бірі ретінде қарастырылуда,и деп атап өтеді. «ҚазМұнайГаз» Қашаған кенішінің EBITDA-ға үлесі және ақша ағыны жобамен байланысты 2,6 млрд. долларға жуық қарызды өтеуді қамтамасыз етеді деп күтуде. Қашаған кеніші Қарашығанақпен қатар «ҚазмұнайГаз» үшін маңызды жоба болып табылады, өйткені мажоритарлық үлесті иеленіп отырған барлау және өндіру жөніндегі оның еншілес компаниясындағы өндіру көлемі төмендеп отыр.

Сонымен бірге, 2013 жылғы 7 қыркүйекте China National Petroleum Company 8,3 пайыздық үлеспен Қашағанның акционері болды. Бұл уақыты келгенде Қазақстанның Қытайға мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуына көмектесуі тиіс, қазіргі кезде құбырлардың өткізу қабілеті төмен, деп атап көрсетеді Fitch.

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: БАҚМұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту