Маңғыстау облысының кітапханасында мұнайшылардың үш ұрпағы кездесті

размер шрифта: Aa | Aa
16.09.2013 13:25
Маңғыстау облысының бірегей кітапханасында мұнайшылардың үш ұрпағы: алғашқы мұнай бұрқағының ашылуына куәгер болған осы саладағы ізашарлар; бүгінгі күні облыс кен орындарында жұмыс істейтін мұнайшылар және мұнай өндірумен тікелей немесе жанама байланысты мамандықтарды таңдаған екі колледждің студенттері кездесті.

«Мен академик Қаныш Сәтбаевпен 1956 жылы Гурьев қаласында Батыс Қазақстан жас мұнайшы-бұрғышылар слетінде кездескенмін. Сол кездің өзінде ол Гурьев облысында, Маңғыстауда мұнай кен орындарын ашып, алғашқы ұңғымаларды бұрғылау керек екенін айтқан. Хрущев басқарған кезде түбегімізде ұңғымаларды бұрғылауға кірісетін болсақ, онда мұнайды Түменнен өндіру керек екені, бірақ жергілікті билік мұндай саясатқа қарсы екені айтылған. Олар осы өлкені игеруді дұрыс санаған. Көпшілігі, шынында, бұл игерілмеген өлкеге барғысы келмеген. Ал мен келдім. 60-шы жылдардан бастап, менің бүкіл өмірім Маңғыстауда мұнай өндірумен байланысты», - деп еске алады мұнай саласының әйгілі ардагері Жолдас Тоқжанов.

КСРО жоғарғы марапаты - Ленин орденін, «Еңбек Қызыл ту» және «Құрмет» ордендерін алған ардагер бұл жерде мамандар тап болған қиындықтар, алғашқы мұнай бұрқағының ашылу тарихы, аймақта және мұнай саласының қазіргі жағдайында мұнай өндіру ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Бүгінгі күні кен орындарында жұмыс істейтін мұнайшылар жоғары білікті мамандарды дайындау мәселелерін көтерді.

Кездесуде Журналистер одағының мүшесі, «Түлеген түбек», «Валентин Токарев», «Мұнайлы Маңғыстау» кітаптарының авторы журналист Мұқтасын Сухамбердиев: «Қазақстан - бай ел, ол әлемдік мұнай өндіруші державалар қатарына енеді. Сіздер өз елдеріңізге көп пайда әкелу үшін көп оқуларыңыз, өз елдеріңізді қадірлеп, мақтан тұтуларыңыз керек, әйтпесе, тарихты білмей, болашақты жасау мүмкін емес» - деді.

Кітапхананың оқу залында арнайы осы кездесу үшін «Үлкен тарих осылай басталған» кітап көрмесі қойылды. Кездесуді ұйымдастырушалыр қонақтарға естелік кәдесыйлар тапсырды.

АҚТАУ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Маңғыстау облысыҚоғамМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту