Атырау МӨЗ мұнай өңдеуге кірісті

размер шрифта: Aa | Aa
16.09.2013 13:29
Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуден өткеннен кейін мұнай өңдеуге кірісті, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 2 тамызда зауытта ЭЛОУ-АВТ-3 бастапқы мұнай өңдеу технологиялық жабдықтарын жөндеу, бензинді және дизельді отынды гидрологиялық тазалау, каталитикалық риформинг, сутегі және күкірт өндірісін орнату үшін тоқтатылды. Зауыт бір айдан артық уақыт бойы тоқтап тұрғанына қарамастан, автокөлікке жанармай құятын стансаларда жанармай өткізуде кідірістер болған жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2 тамызға дейінгі аралықта АМӨЗ-де 2 млн. 873,6 мың тонна мұнай өңделді.

АТЫРАУ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту