Табиғи ресурстарды пайдалану үдерісін ұйымдастырудың негізгі буыны мемлекет қана болуы тиіс - Ұ. Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
17.09.2013 13:32
Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түскен табыстарды пайдалану тұжырымдамасының жобасын мақұлдады.

Аталған құжатты Министрлер Кабинеті отырысында таныстырған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің атап өтуінше, табиғи ресурстарды, әсіресе көмірсутектері мен қатты пайдалы қазбаларды басқарудың заманауи тұжырымдамалық көрінісі бірқатар негізгі алғышарттарды қамтуы тиіс.

«Біріншіден, конституциямызға сәйкес табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады. Сондықтан тек қана мемлекет оларды пайдалану үдерісін ұйымдастырудың негізгі буыны болуы тиіс», - деді Ұ. Қарабалин.

Министрдің атап өтуінше, екіншіден табиғи ресурстар Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің негізі болып қалуда. Осыған орай ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігі кешенді тәсілдермен саланың және жалпы мемлекет мүдделерінің теңгерілімдігіне сүйенуі қажет.

«Үшіншіден, кейбір шикізат салаларының қызметі жаһандық сипатқа ие. Бұл жәйт сыртқы және ішкі факторларды ойланып есепке алудың қажеттілігін көрсетіп отыр», - деді ол.

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту