Солтүстік Каспий Кансорциумы қоршаған ортаны қорғау шараларына қоғамдық тыңдау өткізді

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2013 17:02

"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В." Аджип ККО және "Норт Каспиан Продакшн Оперейшнс Компани Б.В." (НКПОК) агеннтік компанияларымен бірге өзінің 2014 ж. Қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспарымен таныстыру мақсатында Атырау облысында  қоғамдық тыңдаулар өткізді. "Соңғы 45 жылдың ішінде ашылған әлемдегі ең ірі мұнай және газ кен орындарының бірі - Қашағанды игеру - мүмкіндіктер ұсынатын айрықша дәрежелілік. Бірақ сонымен қатар, бұл Консорциумға ерекше міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді. Осындай міндеттерді орындау үшін, Консорциум халықаралық және жергілікті тәжірибені тарта отырып, инновациялық тәсілдемелер мен алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланады", - деді шараны ашқан НКОК-тың Корпоративтік қызметтер жөніндегі директоры Мұрат Мұқашев. Осы қоғамдық тыңдаулардың мақсаты - тек заңдарға сәйкестікті қамтамасыз ету емес. Сонымен бірге, Консорциум өзінің қоршаған ортаны қорғау шараларын ашық түрде орындауды қалайды,- деді ол.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігі өте сезімтал экологиялық аймақ және көптеген бірегей және эндемикалық түрлердің мекен.  Сондықтан бұл жобаның экономикалық жағынан ғана емес, экологиялық жауапкершілігі зор. Бұл орайда келер жылы  қоршаған ортаны қорғау шарасына НСРОС  10 млрд –қа жуық теңгеге , ал Аджип компаниясы 5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Бұл қаржы өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу, жағалаудың және теңіздің қоршаған ортасына келтірілетін әсерден қорғау, мұнай төгілуіне қарсы әрекет ету, ғылыми зерттеулер жүргізу, итбалықтарды және жануарлар әлемін бақылау, ауа және су сапасын бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы хабарлау және насихаттау жұмыстарына жұмсалмақ. Және бір  жоба - Батыс Ескене темір жол кешені  жобасындағы күкіртті түйіршіктеу қондырғысы. Себебі Қашаған мұнайы жеткізілетін  «Болашақ» зауытында  4 млн тонна күкірт уақытша  сақталмақ. Компания өкілдері оның түйіршікті және жабық күйінде сақталатынын, кейін коммерциялық өнім ретінде тасымалданатынын  айтып отыр. Қоғамдық тыңдауға келгендердің көпшілігінің сауалы жауапсыз қалды, себебі компания өкілдері жазбаша жауап беретіндіктерін айтумен шектелді.

Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының директоры Қосан Тасқынбаев тыңдауды ұйымдастырушылардың жауабына қанағаттанған жоқ. «Солтүстік Каспий  экологиялық базасының жобасының  біздің мекеме дайындады, құрылысы бітті. Бірақ не себептен база іске қосылмай тұрып, мұнай өндіре бастағанына біз толық  жауап ала алмадық.  Осы жобаны қолға алғанда уақытында бітіру қажеттігін, егер бітпесе өндіріс басталмайтынын айтып жаналқымға алған болатын. Жаман айтпай жақсы жоқ ертең мұнай жер бетіне атып кетсе біздің база күні бүгін дайын емес. Бұрғылау түйіртпектерді жер асына айдаймыз деген ой біздің пікірімізше дұрыс шешім емес. Бірақ бұл әлдеқашан жауапты министрліктермен келісіліп қойған екен. Сондықтан біз геолог ретінде өз қарсы пікірімді айтып отырмын.

Қашағанда алғашқы мұнай алынғанына қарамастан Атырауда орналасқан Солтүстік Каспий экологиялық базасының іске қосылмауынан оператор компания еш сөкеттік көріп отырған жоқ. Оны тек теңіздің тайыз жерлеріне арналған қосалқы күш ретінде қарайтынын жасырмады.

Айта кетейік, маусым айының соңында Консорциум ЕлБасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қашағанның 1-ші Кезеңінің құрылыс жұмыстарының аяқталуын тойлады. Нәтижесінде, жоба үшін өте маңызды кезең - бірінші мұнайды өндіру 11-ші қыркүйекте басталды.  Қазіргі уақытта Консорциум өндіріс қарқынын біртіндеп күніне 370 000 баррельге тең көзделген көрсеткішке қарай көтеруде.  Бұл процесс алдағы бірнеше айға созылмақ. 

19 сентября. корр. Kazenergy.com

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту