Атырау мұнай өңдеу зауыты АИ-98 жанармайын өндіре бастады

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2013 15:19
Атырау мұнай өңдеу зауыты АИ-98 бензинін өндіруге дайын, деп хабарлады кәсіпорынның бас директоры Қайрат Оразбаев.

Жақында кәсіпорында күрделі жөндеу аяқталды және қазіргі уақытта зауыт өнімнің жоспарлы көлемін шығаруға кірісті. Әдеттегі жанармай маркалары мен жағармай отыннан басқа мұнда АИ-98 маркалы бензин өндіре бастады.

Жөндеуден кейін мұнай өңдеушілер тәулік сайын 2 мың тонна автокөлік жанармай және 5 мың тонна дизельдік отын өндіре бастады. Жыл соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында 1,5 млн. тоннадан астам мұнай өңдеу жоспарланып отыр.


АТЫРАУ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ӨнеркәсіпАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту