Татар ғалымдары қазақстандық мұнайшылармен тәжірибе алмасуға әзір - Ақтаудағы энергетикалық форум

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2013 15:20
Татар ғалымдары мен Қазақстан мұнайшыларының ынтымақтастық мүмкіндіктері жайлы Ақтаудағы ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда айтылды.

Қазан университетінің ғалымдары да бұрынғы Кеңес Одағындағы ең ірі кен орындарының бірі - Ромашинскіні зерттеу бойынша көп тәжірибелері бар екені белгілі болды. Татар ғалымдары өздерінің білетін әдістермен Маңғыстау облысы мұнайшыларымен бөлісуге әзір.

«Ромашинск кен орны кезінде Кеңес одағының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен болатын. Біздің Қазан университетінің ғалымдары мұнайшыларға көп көмектесетін. Мен сол университеттің профессорымын және Қазақстанға (Ақтауға) бару мүмкіндігі туғанда, мен алдыма ынтымақтастық шарттарын қарастыру мақсатын қойдым, себебі бұл екі жақ үшін де тиімді болмақ. Қазақстандық мұнайшылардың тамаша тәжірибесі бар және ол біз үшін де қажет, сонымен бірге, аймақтық мәселелерді шешуде өз білімдерімізді біріктіре аламыз»,- деп атап өтті РФ мемлекттік думасының Федералды жиынының депутаты Василий Лихачев.

АҚТАУ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан және Ресей
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту