Атырауда «ЕмбіМұнайГаз» АҚ бас директоры болып Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2013 17:21
Атырауда «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның бас директоры болып Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды.

Акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарлағандай, М.Досмұхамбетов «Ембі Мұнай Газ» АҚ директорлар кеңесі құрамына енгізілді. Мұнай компаниясының жаңа жетекшісі 1960 жылы Гурьев (Атырау) облысында дүниеге келген. Мәскеу мұнай химясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген. «МақатМұнайГаз» және «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ бас геологы болып істеген, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ бұрынғы директоры онымен бекітілген келісімшарт мерзімінің аяқталуымен қызметінінен босатылып, резервке ауыстырылды.

АТЫРАУ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыТағайындау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту