Атырауда Қашаған кен орнының газынан тәулігіне 4,5 мың тонна күкірт өндірілетін болады

размер шрифта: Aa | Aa
23.09.2013 14:18
Атырауда Қашаған кен орнының газынан тәулігіне 4,5 мың тонна түйіршіктелген және қабыршақты күкірт өндірілетін болады.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компании» компаниясының мамандары қоғамдық тыңдауда берген ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнайы тазартудан өткізілетін «Болашақ» зауытында түйіршіктелген және қабыршақты күкірт шығаратын қондырғылар орнатады. Ілеспелі газдан бөлінген күкірт жабық блоктарда сақталады. Сол жерден оны өңдеуге жібереді.

Сатуға арналған күкірт шығару қондырғысының күндізгі қуаттылығы - 4,5 мың тонна.

АТЫРАУ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту