Атырау облысында Батыс Байшұнас кен орнында бағалау ұңғымасын бұрғылау жүргізіліп жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
23.09.2013 14:19
Қазақстандағы мұнай мен газды өндіру және барлауға маманданушы Max Petroleum Plc мұнай өндіруші компаниясы Батыс Байшұнас кен орнында бағалау ұңғымасын бұрғылауды жүргізіп жатыр.

Бұрғылау Е блогында жүргізіліп жатыр. Компанияның ақпараты бойынша, ұңғыма 1460 метр тереңдікке дейін бұрғыланады.

Бұл Max Petroleum Plc компаниясы бұрғылап жатқан бірінші ұңғыма емес. Осыған дейін Үйтас кен орнында УТС-13 бағалау ұңғымасы жобалау тереңдігіне дейін сәтті бұрғыланғаны туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта геофизикалық зерттеу аяқталып келеді.

АТЫРАУ. 20 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту