Алматыдағы газдың нақты бағасы осы айдың соңында анықталады - Ұ.Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
25.09.2013 12:20

Үкіметтің бүгінгі отырысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов газ бағасының қымбаттауына қатысты мәселе көтерді.

Оның айтуынша, газдың құны 37 пайызға көтерілетін болса, алматылықтардың біразы ақшадан қағылады. Осыған орай, қала басшысы тиісті органдарға сұрау да жолдапты. Бірақ жауап әлі жоқ. Премьер-Министр Серік Ахметов осы мәселе бойынша ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннен түсініктеме беруді сұрады. «Дәл қазір біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз. Себебі 30 қыркүйек күні мекемеаралық комиссияның отырысы өтеді. Онда газдың бағасы бөлек мәселе ретінде қаралады. Сол жерде шешім шығарғаннан кейін біз нақты жауап бере аламыз», - деді Ұ.Қарабалин.


АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газ«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту