Қазақстан 2019 жылға қарай ішкі нарықты толық жанар-жағармаймен қамти алады - Ұ. Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
26.09.2013 12:24
Қазақстан 2019 жылға қарай ішкі нарықты толық жанар-жағармаймен қамти алады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлім етті. Еске салсақ, палата отырысында сенаторлар «Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған болатын.

Министрдің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын Үкімет қабылдаған бағдарламаға сәйкес, бүгінгі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, еуро-4, еуро-5 деңгейінде бензин шығару жұмыстары қолға алынған. Сол бойынша Атыраудағы зауытты жаңғырту басталып, екі жылдан соң бұл нысан жұмысқа толық кірісетін болады. Бұдан кейінгі кезекте де, Павлодар мен Шымкенттегі зауыттарды жаңғырту қарастырылады.

«Осы үш зауыт жаңғыртылған соң елімізде шығатын жанар-жағармай сапасы артады. Яғни, жоғары октанды бензиндерді өз елімізде шығаратын боламыз. Бұл шаруа 2019 жылға таман аяқталады. Міне, осы тұстан бастап біз сырттан келетін жанар-жағармайға қатысты толық тәуелсіз боламыз. Ал Қытайға мұнай беріп, одан бензин алу операциясы толлингтік операцияға жатады. Бұл біздің зауыттың күшімен атқырылмайтын болғандықтан жасалып жатқан қадам», - дейді Мұнай және газ министрі.

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: СенатҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту