Жыл соңына дейін Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры жобасына 150 адам жұмысқа тартылады

размер шрифта: Aa | Aa
26.09.2013 12:26
Жыл соңына дейін Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры жобасына 150 адам жұмысқа тартылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті. Еске салсақ, жиын барысында палата депутаттары «Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңы қабылданған болатын.

«Бүгінгі таңда «Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу -Алашаңқай» бағытында 1 мыңға тарта адам тұрақты жұмыс істеуде. Ал жыл соңына дейін «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырында 2 жаңа мұнай айдау стансасы іске қосылады. Сонда бұл жобаға қосымша 150-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланады. Жалпы жоба аясында 400-ге тарта тұрақты жұмыс орнын құру көзделіп отыр», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, құрылыстың алғашқы екі жылында 2 мыңға жуық уақытша жұмыс орындары да құрылмақ.

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Жұмыспен қамтуСенатҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту