Қытайдың Қазақстанның мұнай саласындағы үлесі 24 пайызды құрап отыр - Ұ. Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
26.09.2013 12:28
Қытайдың Қазақстанның мұнай саласындағы үлесі 24 пайызды құрап отыр.

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлім етті. Еске салсақ, палата отырысында сенаторлар «Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған болатын.

Мұнай және газ министрінің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның мұнай өндірісі саласындағы Қытай Халық Республикасының үлесі 24 пайызды құрайды. «Алайда, қытайдың негізгі мұнай компаниялары Қызылорда, Атырау облыстарындағы кен орындарында жұмыс істеп жатыр және ол кеніштерде жылма-жыл мұнай өндіру төмендеп келеді. Сондықтан да, алдағы уақытта ҚХР үлесі 7-8 пайызға дейін кемуі мүмкін», - дейді Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, Қазақстанның мұнай саласына құйған инвестициясы бойынша АҚШ компаниялары алда тұр және олардың үлесі 25 пайызды құрап отыр.

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Қазақстан және ҚытайМұнай-газСенат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту