Әлемнің жетекші сарапшылары Астанада жаңа энергетикалық жүйені құру мәселесін талқылайды

размер шрифта: Aa | Aa
26.09.2013 12:30
«KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Астанадағы VIII Еуразиялық форумында жаңа энергетикалық жүйені құру мәселесі талқыланады.

Алдағы айдың 8-9 күндері өтетін халықаралық жиынға әлемнің жетекші сарапшылары, отын-энергетика саласындағы компаниялардың басшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатыспақ. Олардың ішінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, Францияның бұрынғы үкімет басшысы Франсуа Фийон, Испанияның экс-премьері Хосе Мария Аснар, Үндістанның жаңа және баламалы энергия көздері жөніндегі министрі Фарух Абдулла, Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухаил Мұхаммед әл-Мазруи, Халықаралық энергетикалық форумының Бас хатшысы Альдо Флорес-Кирога, Қытайдың электр желілері мемлекеттік корпорациясының вице-президенті міндетін атқарушы Женг Баосен және тағы басқа ресми тұлғалар бар. «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсеновтің айтуынша, форум жұмысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтіліп отыр.

Форумның екінші күні «Тұрақты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету» пленарлық сессиясы өтеді. Оған «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев жетекшілік етпек. Энергияны үнемдеу және қуат көздерін тиімді пайдалану мәселесі де арнайы секцияда қаралады. Сондай-ақ форум аясында энергетиканы дамыту саласындағы әйелдердің рөлі алғаш рет қарастырылмақ.

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЭнергетикаҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту