Алматыда газ шаруашылықтарының республикааралық қауымдастығы кеңесінің мәжілісі өтуде

размер шрифта: Aa | Aa
27.09.2013 13:56
Алматыда газ шаруашылықтарының іскери және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы республикааралық қауымдастығы кеңесінің мәжілісі өтіп жатыр.

Оған: Қазақстан, Ресей, Армения, Украина, Беларусь, Эстония, Литва, Латвия, Молдова, Германия, Чехия және Финляндия елдерінің делегаттары қатысуда. Оған Қазақстан атынан газбен жабдықтаушы ұлттық оператор ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғали бастаған өкілдер уәкілдік етуде. Былтыр «ҚазТрансГаздың» уәкілетті еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ-ы Газ шаруашылықтарының іскери және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы республикааралық қауымдастығы кеңесінің құрамына кірген еді. О. Горбей ханым басшылық ететін бұл кеңестің штаб-пәтері Украинаның Киев қаласында орналасқан. Ол қауымдастыққа мүше болуға ұсыныс білдірген елдердегі газбен жабдықтаушы ұйымдар арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында құрылған болатын.

Жалпы Қазақстан геосаяси жағынан Ресей және Қытай сияқты әлемдік державалар мен Орталық Азияны, Еуропаны қосатын стратегиялық маңызы зор бірнеше газ құбырларының торабында орналасқан. Елдің газ тасымалдау жүйесі: Орталық Азия-Орталық (ОАО), Бұқара-Орал, Ақшабұлақ-Қызылорда, Бухарогазлы газ шығатын аудан-Ташкент-Бішкек-Алматы (БГР-Т-Б-А), Қазақстан-Қытай сияқты магистральдық газ құбырларынан құрылған.

АЛМАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: АлматыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту