Қазақстан көрші елдерге "Жасыл көпір" бағдарламасын жүзеге асыру үшін бар күшті біріктіруді ұсынуда

размер шрифта: Aa | Aa
30.09.2013 12:51

Қазақстан көрші елдерге "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бар күшті біріктіруді ұсынып отыр, деді премьер-министр Серік Ахметов дүйсенбіде Астанада осы бағдарлама жөніндегі халықаралық конференцияда.

"Қазіргі заманда, яғни іс жүзінде кез-келген мәселенің ғаламдық мәні болып отырған кезде оны бірыңғай экожүйеден бөліп қарауға болмайды, аймақтық жүйелердің өзара байланыстылығы соншалық, ішкі мәселелер – бүкіл Орталық Азияның және аймақтың мәселелері және керісінше", деді С.Ахметов.
"Сол себепті біз тағы бір маңызды қадам жасауды, көрші елдерге "Жасыл көпір" бағдарламасын жүзеге асыру үшін бар күшті біріктіруді ұсынамыз", деді ол.
Оның айтуынша, бұл бағдарламаның міндеттері жоғары – энергетикалық тиімділікті арттыру, энергия үнемдеу, жаңармалы энергетиканы, ылғал сақтаушы технологияларды енгізу, қалдықтардың утилизациялануын реттеу.
"Жасыл көпір" бағдарламасының негізгі бағыты "жасыл" экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін технологиялар беру арқылы халықаралық ынтымақтасу, Орталық-азиялық аумақта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық қолдауды қамтамасыз ету.
Астаналық "Жасыл көпір" бастамасы 2010 жылы қазан айында Азия-тынық мұхит аймағының қоршаған ортаны қорғау және дамыту министрлерінің конференциясында қабылданған. 2011 жылы қыркүйекте қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі жалпыеуропалық конференцияда 2010-2020 жылдарға арналған Астаналық бастаманы жүзеге асыру жөніндегі әріптестік бағдарлама қолдауға ие болған.

Астана.30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту