НКОК Қаламқас-теңіз кен орнын игеруге бағытталған үш тұжырымдама ұсынды - Ақтаудағы қоғамдық тыңдаулар

размер шрифта: Aa | Aa
30.09.2013 12:53
Маңғыстау облысындағы Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жобасын Ақтау қаласында өткен қоғамдық тыңдаулар барысында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы ұсынды.

«Қашаған кен орнын игеру жұмысынан консорциум пайдалы тәжірибе жинақтады, енді осыны Қаламқас-теңіз жобасын игеру кезінде пайдаланатын болады. Біз мұнай-газ ресурстарын игеруде ҚР заңдары талаптарын, сондай-ақ қалыптасқан халықаралық нормалар мен стандарттарды ұстана отырып жүзеге асыруға тырысамыз. Қоғамдық тыңдауларды өткізудегі мақсатымыз - бұл тек заң талаптарын сақтау ғана емес, сонымен бірге консорциумның өз жоспарлары мен жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуге ұмтылу. Біз жоспарларымызды Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен талқыладық, олар аса бағалы пікірлер білдірді», - деп атап өтті НКОК-тың сыртқы байланыс жөніндегі директоры Пьер Дельпон.

Қаламқас-теңіз кен орнының болашағы зор, ол Қазақстанды әлемдік энергетика нарығындағы мұнай өндіруші және жеткізуші жетекші елдердің қатарына енгізумен бірге, жергілікті салалар мен қауымдастықтардың айтарлықтай дамуына ықпал ететін болады.

Қоғамдық тыңдау барысында консорциум қызметкерлері Қаламқас-теңіз жобасының негізгі фактілері мен мәліметтерімен бөлісіп қана қоймай, кен орнын игерудің тағы үш балама нұсқасы туралы әңгімеледі. Қысқаша айтсақ, №1 ұсыныс жасанды теңіз аралдарында өндірістік объектілер құрылысын салу, №2 нұсқа болат құрылымдардан тұратын теңіз платформаларын пайдалану, ал №3 өнімді дайындау жағадағы зауытта жүргізілетін болады.

Осылардың ішінен тиімдісін таңдау үшін әрбір ұсыныс тиянақты талданып, оның қоршаған ортаға әсері, жергілікті құрылымдардың даму мүмкіндіктері, технологиялық мәселелер, шығындар және жобаның басқа да қырлары мұқият қаралатын болады.

 АҚТАУ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Маңғыстау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту