Газ құбырындағы ақау салдарынан Қашағанда коммерциялық өндіріс басталған жоқ

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2013 12:48

Мұнай мен газды кешенді дайындайтын «Болашақ» зауытында газ құбырындағы ақауды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының сыртқы байланыс департаментінен хабарлады.

Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, 24-қыркүйек күні таңертең жоспарлы тексеру жұмыстары барысында D аралынан «Болашақ» зауытына жалғасып жатқан құбырдан газ шығып тұрғаны анықталған.
«Мұнай өндіру тоқтатылды. Кешеннің теңіз бен жер бетіндегі өндіріс нысандары жөндеу жұмыстарының аяқталуын күтіп отыр. (...) Мұнай өндірісінің қашан қалпына келтірілетіні туралы айтуға әлі ерте», - делінген хабарламада.

Астана. 1-қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту