Монополистердің инвестициялық бағдарламаларына шектеу енгізу мәселесін қарастыру қажет – премьер

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2013 14:05

Премьер-министр Серік Ахметов монополистердің инвестициялық бағдарламаларына шектеулер енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Бізде инвестициялық бағдарламасын өте белсенді жүзеге асырып келе жатқан монополистер бар. Былайша айтқанда, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға, соның ішінде дивиденд төлеуге белгілі бір шектеу қою қажет», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
«Бұл өте дұрыс мәселе, осыны қарастыру қажет. «ҚазТрансОйл» газ тасымалдаушы монополист ретінде табысының бәрін инвестициялық бағдарламаларға жұмсайтын болса, дивидендті кім алады? Сондықтан, осы жағын мұқият қарастыру қажет», - деді премьер.

Астана. 1-қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту