ҚазТрансГазАймақ еліміздің барлық аймақтарының газ тарату жүйелерін біріктіру кезеңін аяқтады

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2013 13:06
«ҚазТранГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтаудың ішкі нарығында бірыңғай оператор ретінде еліміздің барлық аймақтарының газ тарату жүйелерін біріктіру кезеңін аяқтағанын жариялады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамыз айында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС арасында «Ақтаугазсервис» АҚ-ның 100 пайыз акция пакеттерін сенімгерлік басқару туралы шартқа қол қойылған. Соның нәтижесінде «ҚазТрансГазАймақ» Маңғыстау облысын 100 пайыз газбен жабдықтауды қамтамасыз ететін бірыңғай оператор болды. Осылайша, Қазақстан Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі №939 қаулысын орындау шеңберінде «ҚазТранГазАймақ» газбен жабдықтаудың ішкі нарығында бірыңғай оператор ретінде еліміздің барлық аймақтарының газ тарату жүйелерін біріктіру кезеңін аяқтады. 

Ол - тұтынушыларды үздіксіз және апатсыз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге; бірыңғай техникалық, тарифтік және баға саясатын жүргізуге; қолданыстағы газ тарату жүйелерін жаңартуға және өскен сұранысты қанағаттандыру үшін жаңа газ тасымалдау қуатын жасауға; маусымдық газ тапшылығын жою үшін жеткізу мен тасымалдау жүйесін оңтайландыруға; аймақтардағы газ тасымалдау жүйелерінің өткізгіштік қабілетін және желілер бойынша тасымалдаудың жалпы көлемін арттыруға; еліміздің елді мекендерін газдандыруға қажет техникалық базаны құруға және аймақтардағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік береді.

2002 жылы сәуір айында құрылған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның акционері «ҚазТрансГаз» АҚ. «ҚазТрансГаз Аймақ» газды тасымалдау, тарату және тұрғындарды, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік кәсіпорындарды үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету мен инфрақұрылымдарды басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. Қазіргі кезде ол елдегі тауарлық газды өткізу нарығының 90 пайызын қамти отырып, Қазақстанның 9 аймағында қызмет көрсетеді. Бұл - Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газЭкономика«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту