Қазақстан мұнай экспорты мен тасымалына арналған тарифтерді мемлекеттік реттеу шарасын алып тастауды ұсынады

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2013 16:08
Қазақстан мұнай экспорты мен тасымалына арналған тарифтерді мемлекеттік реттеу шарасын алып тастауды ұсынады. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осындай мәселе көтерілді.

Аталған қызметтерді реттеудің қазақстандықтарға еш әсері болмайтындығын баса айтқан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев. «Ең басты мәселе - халықты қызметтердің қымбаттауынан қорғау. Ал оған экспорттың қандай қатысы бар? Бұл қызмет берушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келіссөздер мәселесі. Тасымалдау мұнай бағасының 3-5 пайызын ғана құрайды», - деді.

Өз кезегінде еліміздің Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов өзі басқаратын ведомствоның мұнай экспорты тарифтерінің еркін болғандығын жақтайтындығын жеткізді. Дегенмен оның сөзіне қарағанда, бұл мәселенің шешімі Еуразиялық экономикалық комиссияға тәуелді болып отыр. «Бүгінде газды экспорттау және тасымалдау реттелмейді. Біз мұндай ұсынысты мұнайға да қатысты жасаған едік. Бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия осындай талап қойып отыр. Олар оған ықпал жасағылары, экспорт және тасымалды реттегілері келеді. Біз экспорт пен тасымалдың реттелмегендігін жақтаймыз», - деді ол.

Осы орайда Үкімет басшысы С.Ахметов Еуразиялық экономикалық комиссиядағы қазақстандық ұстаным нақты болуы керектігін нықтай айтып, өзінің орынбасары Қайрат Келімбетовке қазақстандық сарапшылармен бірлесіп, аталған мәселені егжей-тегжейлі қарастыруға әрі сәйкесінше шешім енгізуге тапсырма берді.

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігіҚР ҮкіметіМұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту