Қазақстан Германияны 2017 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгресін Астанада өткізуге байланысты өтінімін қолдауға шақырды

размер шрифта: Aa | Aa
02.10.2013 10:16
Кеше ҚР Берлиндегі Елшілігінде ГФР құзыретті министрліктерінің басшылығы, іскерлік топтар және баспасөз өкілдерінің қатысуымен «Астана 2017 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресінің өткізілу орны ретінде» тақырыбындағы конференция өтті.

Форумның ашылуында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов және «KAZENERGY» Ассоциация Төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов сөз сөйледі. Қазақстандық дипломат қатысушыларды «Қазақстан-2050» Даму стратегиясы аясындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілері және казақ-герман ынтымақтастығының өзекті бағыттарынан хабардар етіп, 2017 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге Қазақстанның өтінімін қолдауға шақырды.

«KAZENERGY» Ассоциация Төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов Қазақстанның кандидатурасын халықаралық аренада ілгерілету жөнінде толық баяндама жасады. Ол еліміздің мұнай шығару, ұқсату мен тасымалдау бойынша әлеуеті және ірі халықаралық іс-шаралар өткізу саласындағы жиған-терген тәжірибесі туралы ақпараттандырды.

Неміс тарапынан ГФР Экономика мен технологиялар министрлігі энергетикалық саяси департаментінің басшысы Йорг Кирш, Германиядағы Сыртқы саясат қоғамының Бертольд Байц атындағы орталықтың басшысы Эвальд Бёльке және KSA Deutag Drilling GmbH компаниясының басшысы Юрген Вернинг сөз сөйледі.

Неміс тарапы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлі мен маңызына жоғары баға беріп, Астана мұнай форумын қабылдауға дайын екенін атап өтті. Форумның нәтижесі бойынша іс-шараның қатысушылары пікір алмасты.

Энергия ресурстарының мор қорларына ие болып, Қазақстан өзінің кандидатурасын мұнай-газ нарығындағы басты форумды өткізуге ілгерілеуде. Аталған конгрестің шеңберінде мыңдаған мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, басқару және мұнай шығару технологиялары бойынша пікір алысады.

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстанның сыртқы саясатыМұнай-газҚазақстан және ЕуропаЖанболат СәрсеновKAZENERGY
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту