Газ құбыры төңірегіндегі ахуал Қашаған мұнайын жөнелту мерзіміне кері әсер етпейді – ҚазМұнайГаз

размер шрифта: Aa | Aa
02.10.2013 14:57

Қашаған мұнайының алғашқы партиясы КҚК жүйесіне жоспарланған уақытта, яғни, қазан айында жөнелтіледі.

«Қашағандағы технологиялық мәселелер шешіліп, қазан айында мұнайдың алғашқы партиясын тиейміз деп үміттенеміз. Біз Каспий құбыр желісі консорциумына басымдық беріп отырмыз», - деп сәрсенбі күні халықаралық «Мұнай және газ KIOGE-2013» конференциясы шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев мәлім етті.
Оның айтуынша, әзірге Қашағандағы мұнай өндірісіне қатысты жоспарлар өзгерген жоқ.

Алматы. 2-қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту