Қазақстанда АИ-92/93 бензині 7 теңгеге қымбаттайды

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2013 17:11

 Қазақстанда АИ-92/93 бензині 7 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлады мемлекеттік табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктен.

" Brent маркілі мұнайдың баррелі тамыз айындағы 109 доллардан қыркүйекте 113,68 доллар ретінде белгіленуіне орай бүгін тек АИ 92/93 маркілі бензин бағасын 110 теңгеден 117 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада. Бұл қосымша құн салығын қосқандағы бір литрдің бағасы. Бұл жағдай қазақстандық рыноктағы бензиннің осы маркісінің 40 пайызға дейін Ресейден тасымалдануына байланысты болып отыр", делінген онда.
Аталмыш агенттік, мұнай және газ министрлігі және экономика мен бюджет министрлігінің бірлескен бұйрығына биыл 12-қазанға дейін қол қойылмақ.

Астана.4 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту