Қашағанда мұнай өндірісі қайта қолға алынды

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2013 11:49

Алдында газдың ағып кетуі салдарынан Қашаған кен орнында мұнай өндірісі тоқтатылған болатын, өндіріс қайта қолға алынды.
"6–қазан күні Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары аяқталған соң скважиналар ашылды, өндіріс ретке келтірілді", деп хабарлады Қазақстанның мұнай және газ министрлігінен.

Ведомстводан еске салып өткендей, 24-қыркүйек күні D аралынан "Болашақ" зауытына қарай тартылған газ құбырын жоспарлы тексеру кезінде зауыттан 2,5 шақырым жерде санитарлы-қорғау аумағында газдың аздап ағып жатқандығы анықталған.
Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне хабар берілген.
"Техника қауіпсіздігі талаптарына орай тергеу жүргізілген. Ауада күкіртті сутектің рұқсат етілген нормадан асқандығы анықталған жоқ, адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ", деп атап өтілген мұнай министрлігінің хабарламасында.
Жердегі және теңіздегі нысандардың бүкіл өндірістік құрылымдары күту режиміне ауыстырылып, мұнай өндірісі тоқтатылған болатын.Жөндеу жұмыстары 28-қыркүйек күні басталған.
NCOC Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнай қорын 11 млрд баррель деп бағалап отыр, жалпы геологиялық қоры 35 млрд баррель деп бағалануда.
Солтүстік-Каспийлік жоба шеңберіндегі Қашаған кен орнын NCOC консорциумы игеруде, оның акционерлері Agip Caspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,81%),ConocoPhillips North Caspian Ltd. (8,4%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex North Caspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%) және Total EP Kazakhstan (16,81%). Сонымен қатар ConocoPhillips жобадан шығатындығын мәлімдеген болатын.

Алматы.7 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту