Қашағанда күн сайын 60 мың баррель мұнай өндірілуде - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
08.10.2013 13:46
Бүгінгі таңда Қашаған кен орнында күніне мұнайдың 60 мың баррелі өндіріледі.

 Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Қашағанда алғашқы мұнайдың өндіріле бастағанын барлығы жақсы біледі. Бүгінде ол жерде күніне 60 мың баррель мұнай өндірілуде», - деп атап көрсетті С.Мыңбаев. Оның айтуынша, 2025 жылға қарай Қазақстан мұнай мен конденсатты өндіру көлемін 108 млн. тоннаға жеткізуді көздейді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 79 млн. тоннаны құраған. «Әрине, оның барлығы Теңізшевройлды кеңейту, Қарашығанақтың үшінші кезеңі мен Қашағанның екінші кезеңін игеру сияқты жобаларға байланысты болмақ. Жалпы, бүгінде «ҚазМұнайГаз» компаниясы 44 мұнай-газ кеніштеріне иелік етеді», - дейді С.Мыңбаев.


АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»С.МыңбаевKAZENERGYҚашаған
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту