«ҚазМұнайГаз» әлемдегі мұнай өндіруші компаниялардың үздік отыздығына кіруді жоспарлауда

размер шрифта: Aa | Aa
08.10.2013 13:52
«ҚазМұнайГаз» әлемдегі жетекші мұнай өндірушілердің отыздығына кіруді мақсат тұтуда.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан VIII «KAZENERGY» Еуразиялық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин айтты.

«Бүгінде ұлттық компаниялардың рөлі артып келеді. Әлемдік ондыққа қазірдің өзінде 6 ұлттық компания еніп отыр. Жетекші трансұлттық корпорациялардың әлеуеті мықты әрине, дегенмен олар мұнай-газ саласында аздап шегінуге мәжбүр болуда. Осы ретте біздің «ҚазМұнайГаз» компаниясының алдына үлкен міндет қойылуда. Соңғы он жыл ішінде аталған компания әлемдік жетекші мұнай өндірушілердің отыздығына кіруді мақсат етіп келеді, сондықтан жарты жолда тоқтап қалмаймыз деп ойлаймын», - деді Ұ. Қарабалин.

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ЭнергетикаҚР Мұнай және газ министрлігіVIII «KAZENERGY» Еуразиялық форумы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту