Ұ.Қарабалин мұнайдың бағасына болжам жасады

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2013 13:39
Алдағы уақытта мұнайдың бағасы өсетін болады. Бүгін «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осындай болжам жасады.

«Соңғы он жылдың ішінде мұнайдың нарықтық бағасы үш есе көтерілді. Ал әлемдік қаржы дағдарысы оны тағы екі есеге өсірді. Бұның барлығы мұнай және химия өнімдерінің қымбаттауына әсер етіп отыр. Біздіңше, ағымдағы онжылдықтың аяғына қарай мұнайдың бір баррелі 120 долларға, ал 2030 жылдары 150 АҚШ долларына дейін көтеріледі», - деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЭнергетикаҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту