«Еуразия» консорциумы Қазақстанда мұнай-газды өндіру көлемін екі есе өсіре алады - Ұ.Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2013 13:55
«Еуразия» консорциумын құру арқылы Қазақстанның мұнай-газ өндіру көлемін екі есе ұлғайтуға болады.

Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумы аясында журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Оның хабарлауынша, «Еуразия» консорциумын құруды «KAZENERGY» қауымдастығы ұсынған болатын. Оның негізгі мақсаты - мұнай-газ саласындағы ірі әрі жоғары технологиясы бар компаниялардың басын қосып, Каспий маңына жан-жақты барлау өткізу. «Ол жерде көмірсутек ресурстарының мол қоры бар. Осы уақытқа дейін біз тек оның маңайын ғана барлап шықтық. Соның нәтижесінде 5-6 мың шақырым тереңдікте Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты алып кен орындары анықталды. Ал Каспий бассейінің тереңдігі 20-25 шақырым екендігін ескерсек, Қазақстанның бүгінгі мұнай-газ өндіру көлемін екі есе өсіруге болады», - деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Астана«ҚазМұнайГаз»Мұнай-газЭкономикаVIII Еуразиялық энергетикалық форумыKAZENERGY
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту