Әлемде әрбір бесінші адам үшін электр қуаты қолжетімсіз – сарапшы

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2013 15:21

 Әлемдегі әрбір бесінші адам үшін электр қуаты қолжетімсіз болып отыр. Бұл жөнінде бүгін Астанада өтіп жатқан VIII KAZENERGY Еуразиялық форумының екінші күні Болгарияның бұрынғы президенті Петер Стоянов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығы әлемдік саяси диалогтың дамуына ықпал ету және тұрақты экономикалық дамуды ынталандыру мақсатында осыдан үш жыл бұрын құрылды. Тұрақты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Энергетиканың дамуына әрбір елдің дамуы мен қызметі, сондай-ақ бүкіл әлемнің тіршілігі тәуелді. Менің ойымша, осы мәселе энегетиканың болашағы туралы әлемдік диалогтың басты элементіне айналуы тиіс. БҰҰ мәліметі бойынша, әлемдегі әрбір бесінші адам үшін электр қуаты қолжетімсіз болып отыр. Біз бұл жағдайға немқұрайлы қарай алмаймыз. Сонықтан, қазіргі заманғы энергетикалық қызметтерді жалпыға бірдей қолжетімді ету және қайта қалпына келтірілетін энергия көздерін қолдану аясын кеңейту энергетиканы дамыту болашағын анықтаудың, оның ішінде, жаһандық қауіпсіздік, климаттың өзгеруімен күрес және азық-түлік өндіруде де басты фактор боп табылады», - деді П.Стоянов. 

Еске сала кетсек, кеше Астанада елордада «Болашақтың қуаты - Еуразиядағы тың мүмкіндіктер» VIII KAZENERGY Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады. Энергетикалық форумға жаһандық энергетикалық бизнес өкілдері, беделді саясаткерлер, халықаралық жетекші энергетикалық институттардың жетекшілері, танымал ғалымдар мен сарапшылар, 1 мыңға жуық делегат келді. Сондай-ақ, Қазақстан мен алыс-жақын шетелден келген 200-ге жуық БАҚ өкілі қатысуда. VI KAZENERGY Еуразиялық форумы Қазақстанның энергетикалық секторының жыл сайынғы халықаралық басты шараларының бірі болып табылады. 

Ақмарал ШАҒАТАЙ

АСТАНА9 қазан 2013, 11:15. BNews.kz 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту