Қазақстан дәстүрлі энергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі - Ә.Исекешев

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2013 15:27

Қазақстан дәстүрлі энергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл жөнінде бүгін «Болашақтың қуаты - Еуразиядағы тың мүмкіндіктер» VIII KAZENERGY Еуразиялық форумының екінші күнінің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, елімізде энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар 2030 жылға қарай энергия тұтынуды 145 млрд кВт/сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 

«Қазақстанда дәстүрлі энергетиканы дамыту басты назарда. 2009 жылы шекті тарифтер жүйесі іске қосылғаннан бері оң нәтижелер бар. 2015 жылға дейін 3 мың Мегаваттан астам қуат көзін іске қосу жоспарланған. Бүгінде 1250 Мегаватт пайдалануға берілді. Өзге 13 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бекітілген мерзімде 3 мың Мегаваттқа қол жеткіземіз», - деді Исекешев.

Ол ұлттық электр желілері бойынша жоспарланған жұмысқа да тоқталды. Алдағы уақытта солтүстік аймақ желілерінің шығыспен байланысы күшейтіледі. Мұнымен қатар батыс аймағының желілерін солтүстік және оңтүстік өңірлермен біріктіру көзделген. 

Айымгүл ӘБІЛЕВА

АСТАНА. 9 қазан 2013,  BNews.kz 

Ключевые слова: VIII KAZENERGY Еуразиялық форумы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту