Қазақстанда энергетикалық кешенді дамыту стратегиясы әзірленуде

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2013 15:29

Бүгінгі күні 2030 жылға дейін энергетикалық кешенді дамыту стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде бүгін «Болашақтың қуаты - Еуразиядағы тың мүмкіндіктер» VIII KAZENERGY Еуразиялық форумының екінші күнінің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жалпы алғанда, энергетика – экономиканың дамуына байланысты базалық салалардың бірі. Сондықтан қазіргі уақытта 2030 жылға дейін энергетикалық кешенді дамыту стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр»,- деді вице-премьер. 

Оның айтуынша, стратегия нақты энергетикалық балансты және электр энергетикасының барлық мәселелері бойынша негізгі бағыттарды анықтайды.

«Бұл жұмыс қазір аяқталуға жақын, ол биылғы жылдың төртінші тоқсанында үкіметте талқыланады», - деп толықтырды Исекешев. 

Айта кетейік, бүгін VIII KAZENERGY Еуразиялық форумының екінші күні шеңберінде жоспарланған іс-шаралар өтуде. Бұл форум Қазақстанның энергетикалық секторының жыл сайынғы халықаралық басты шараларының бірі. Екі күн бойы әлемнің түрлі елдерінің мемлекеттік мекемелері мен халықаралық ірі энергетикалық корпорацияларының жетекшілері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетка саласының әлемге танымал, беделді сарапшылары еуразиялық және әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар айтады. 

Айымгүл ӘБІЛЕВА

АСТАНА. 9 қазан 2013, BNews.kz 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту