АҚШ-та мұнай бағасы газдан шамамен 20 есе қымбат – У.Кларк

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2013 15:42

 АҚШ табиғи газды сұйылту бойынша 12 жоспардың 4-ін бекіткен. Бұл жөнінде бүгін Астанада өтіп жатқан VIII KAZENERGY Еуразиялық форумындағы баспасөз мәслихатында Growth Energy тең төрағасы Уэсли Кларк мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Адамдар мұнай өңдеуге, табиғи газ кен орындарын табуға және оны бір кәдеге асыруға тырысады. Менің штатымда құрғақ газ бар, оның құрамында мұнай жоқ. Сондықтан, біздің өңірде 350 долларға миллиондаған көлемде мұнай сату мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, біз үшін ол газды сұйылту арқылы сұйықтық аламыз ба, жоқ әлде шетелге сұйытылған газ ретінде сатамыз ба, осы мәселе маңыздырақ. Атап өту керек, бізде жабдықау үшін ұсыныс көлемі өте үлкен. Менің айтпағым, АҚШ-тың бұл мәселеге қатысты арнайы саясаты жоқ. Бұл нарықта жүріп жатқан құбылыс және ол жалғасуда», - деді У.Кларк. 

Оның айтуынша, АҚШ-та мұнай бағасы газ бағасынан шамамен 20 есе қымбат. 

«Жүргізілген соңғы есеп бойынша, табиғи газды сұйылту бойынша 12 жоспар дайындалған. Ал АҚШ жақында ғана 4 жоспарды бекітті. Сұйытылған табиғи газдың бағасы тым қымбат деп ойламауымыз керек. Әрине, айырмашылық бар. АҚШ-та 3 доллар тұратын газ Атлант мұитының ар жағында 18 доллар тұрса, бұл айырмашылық. Әрине, сіздердің өз бағалараңыз бар, сіздер ол газды сұйылту жұмыстарын жүргізесіздер, алыс-жақын шетелді жабдықтайсыздар, яғни мұның барлығы сұраныс пен ұсынысқа байланысты. АҚШ-та мұнай бағасы газ бағасынан шамамен 20 есе қымбат және мұнда тұрақтылық жоқ», - деді У.Кларк. 

Ақмарал ШАҒАТАЙ

АСТАНА9 қазан 2013,  BNews.kz 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту