Жамбыл облысында 60-қа жуық ауылға газ тартылады

размер шрифта: Aa | Aa
11.10.2013 13:54
 Жамбыл облысында тағы 60-қа жуық ауылдық елді мекендер газбен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, облыста 373 елді мекен бар. Оның ішінде тек 58 ауыл 2009 жылдың басында газбен қамтылған. Төрт жылда «көгілдір отын» таңы 30 ауылға тартылды. Осы мақсатқа бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталды. Бүгінде 88 ауыл газбен қамтамасыз етіліп отыр. 
«Биыл тарату желілерінің құрылысы 18 ауылда жүріп жатыр және бұл жұмыстар 2014 жылға белгіленді. 2014 жылдағы бюджет жобасына тағы 59 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге қосу жоспарлануда»,-деді Қ. Бозымбаев.

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ӘкімЖамбыл облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту