Қазақстан үшін мұнай өндіруден гөрі осы салада жаңа технологиялармен алмасу аса маңызды - Н.Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
08.10.2013 13:55

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумына өз құттықтауын жолдады.

«Бүгінде Еуразиялық энергетикалық форумы қазақстандық мұнайшылар мен энергетиктердің ғана емес, еліміздегі шетелдік инвесторлардың да ашық пікіралысу алаңына айналды. Қазақстан энергетика саласындағы өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты қалайды. Осы орайда біз мұнай өндіруден жаңа технологиялармен алмасуға көшу үдерісін елді дамытудың негізгі басымдығы ретінде қарастырамыз. Біз үшін мұнай-газ кен орындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инновацияларды өндіріске енгізу аса маңызды. Бүгінгі таңда біздің республикамызда прогрестің ұлттық моделін құру алгоритмі жасалған. Оған Қашаған кен орнында өндірістің басталуы мысал бола алады. Болашақта бізді көптеген әлеуетті жобалар күтіп тұр. Мұнай және газ индустриясы ел экономикасының негізгі салаларының бірі бола отырып, технологиялық көшбасшылықты да қамтамасыз етуі тиіс. Біздің ортақ еңбегіміз бен ынтымақтастығымыздың қуаттылығы көздеген міндеттердің барлығына қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенемін», - делінген Елбасының  құттықтау хатында.

Автор: Арман Асқаров

АСТАНА. 8 қазан.  ҚазАқпарат

 

Ключевые слова: Қазақстан ПрезидентіЭнергетикаЖаңа индустрияландыруKAZENERGYVIII Еуразиялық энергетикалық форумы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту