С. Ахметов: Энергетика - ел экономикасының негізі

размер шрифта: Aa | Aa
08.10.2013 13:59

Энергетика саласы біздің еліміз экономикасының негізі болып табылады.

 Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық форумының салтанатты ашылуы барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлімдеді.

Сөз арасында Үкімет басшысы қысқа мерзім ішінде Қазақстандағы мұнай өндіру 3 еседен асып, жылына 80 млн. тоннаға жеткенін, ал еліміздегі газ өндіру 5 есеге артып, 40 млрд. текше метр құрағанын атап өтті.

«Елбасы айтқанындай, Қашаған жобасының іске қосылуын техникалық прогрестегі жеңіс ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, Қазақстан осы жобамен ғана шектеліп қалмақ емес. Бұл ретте геологиялық барлау - еліміздің ресурстық-индустриялық қуат саясатының маңызды басымдықтарының біріне айналатын болады», - деді Үкімет басшысы.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ЭнергетикаҚР Премьер-МинистріVIII Еуразиялық форумыKAZENERGY
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту