Атырау облысындағы «Мақат» компрессорлық стансасының қуаттылығы жылына 56,7 млрд. текше метр газға дейін көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
12.10.2013 11:24
 Атырау облысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мақат» компрессорлық стансасында турбокомпрессорлық цех іске қосылды.

«Атырау» магистралдық газ құбырлары басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас инженері Ілияс Ысмағұлов хабарлағандай, жаңа цех Америкада шығарылған 7 газ құятын агрегаттан тұрады. Әр компрессордың өнімділігі - тәулігіне 28,2 млн. текше метр газды құрайды. Жылдық өнімділігі - 56,7 миллиард текше метр газ. Құйылу кезіндегі газ қысымы - 1 шаршы сантиметрге 52 келіге жетсе, шығу кезінде - 1 шаршы сантиметрге 75 келі болады.

«Мақат» компрессорлық стансасы - Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіндегі  басты бекеттердің бірі. Мұнда қазақтың, түрікменнің және өзбектің көгілдір отыны Қазақстанның көп облыстарына және Ресей аумағынан Еуропа елдеріне транзитпен баратын «Орта Азия - Орталық» және «Мақат - Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырлары арасында газ тасылуын реттеу жұмыстары жүзеге асырылады.

АТЫРАУ. 11 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту