Қызылордада «ҚазГермұнай» компаниясының мерейтойы аталып өтті

размер шрифта: Aa | Aa
16.10.2013 11:25
Кеше Қызылордада «ҚазГермұнай» БК» акционерлік қоғамының 20 жылдығы салтанатты жағдайда аталып өтті.

 Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл шара кәсіпорынның құрылу және даму тарихын бейнелеуге арналған деректі фильмді көрсетуден басталды. Содан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды компанияның мерейтойымен  құттықтады. Ол өз сөзінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің үлесін қосып келе жатқан сала мамандарының еңбектерін атап өтті. Өндіріс озаттарына құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты кештің соңы концертке ұласты. Нұржамал Үсенбаева, Жәмила Серкебаева және Ескендір Хасанғалиев сынды өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

ҚЫЗЫЛОРДА.12 қазан. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газМәдениетҚызылорда облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту