Теңізшевройл Жылыой ауданында 2014-2015 жылдары табиғи газдың бағасын арттыруды жоспарлауда

размер шрифта: Aa | Aa
21.10.2013 09:54

"Теңізшевройл" ЖШС Атырау облысында Жылыой ауданында 2014-2015 жылдары табиғи газдың босатылым бағасын арттырмақ, деп хабарлады "Жылыойгаз" ЖШС Қазақстан республикасының табииғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің облыстық департаментіне.
Департаменттің деректеріне қарағанда, тұтынушылар үшін қолданыстағы баға қазір 1000 текшеметр үшін 3960 теңге; 2014 жылы– 4059 теңге, 2015 жылы – 4160 теңге/(өсімі 2,5 %) болмақ.

Вахталық Теңіз елдімекенінің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін қазіргі баға 1000 текшеметр үшін 82 доллар, 2014 жылы- 84,5; 2015 жылы –86,15 доллар (өсімі 2,5 %).
"Қазақстанның табиғи монополиялар, реттемелі рыноктар заңына және реттемелі рыноктарда баға құрау ережелеріне орай "Теңізшевройл" ЖШС бағаға сараптама жүргізілген соң Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінен табиғи газдың босатылым бағасын арттыру туралы дәлелді қорытынды алуға тиіс", делінген хабарламада.
Жылыой ауданы Атырау облысының оңтүсік-шығысында орналасқан. Ауданның әкімшілік орталығы Күлсары қаласы. Ауданда Теңіз кен орны бар.

Алматы.18 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту